Кіші Байсерке ауылында тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, жедел шешу мақсатында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Қабылдау барысында ауыл тұрғындары инфрақұрылым, әлеуметтік қолдау, мектеп және басқа да салаларға қатысты сұрақтарын қойып, жауап алды.Мобильді қабылдаудың негізгі мақсаты – халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайту, әрбір азаматтың пікірін ескеріп, көтерілген мәселелерді дер кезінде қарастыру.Тұрғындар мұндай кездесулердің тиімділігін атап өтіп, жауапты органдарға алғыстарын білдірді.
Арқабай ауылында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Бұл шара барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей тиісті мамандармен кездесіп, кеңес алды. Қабылдауда Талғар ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері, газ, су, ветеринария бөлімдері қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.Тұрғындар негізінен тұрғын үй мәселелері, жол, көгілдір отын, білім беру саласындағы мәселелер, мектеп, коммуналдық қызметтер және көлік қатынасына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын...